Соңғы аптаның болжамы қателердің қатарын толықтырды, ал оның алдындағы болжам өте дөп тиген - евро валютаның толқындарының жолдарын дәл көрсетіп еді. Әзірше евроның бұрынғы межесі сол қалпында қалып тұр, бірақ оған барудың жолы шырғалаң болып кетті. Ал қазіргі жағдайға келсек, евро тым қатты құлады, бірақ баратын жері есептелген, шамамен - 1,1830-1,1840-дің арасында. Сондықтан, осы аптаның аяғында валюта өзінің бұрынғы деңгейдегі бағамына 1,2000 барып орнығуы екіталай. Егер анализдерімізде қателеспесек, аптаның соңына қарай евро тек қана сол деңгейге 1,1990-1,2000, тек қол ұшын ғана жеткізуі мүмкін.
Мустафин Бейбіт
07.03.2021 10:44
Статья носит информационный характер и ни при каких условиях не является публичной офертой. Любые
утверждения автора или посетителей сайта являются оценочными суждениями и выражают только их мнение,
за которые администрация или владельцы сайта ответственности не несут.